Х. Жұматов атындағы ГжЭҒО
ХСЭС саласында ғылыми әлеуетін дамыту
ҚР ДСМ-нің 2025 жылғы 17 мамырдағы №334 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.
ҚР ДСМ-мен «Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын 2026–2028 жылдары қайта жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспары» келісілді.
2025 жылғы 14 наурызда Х. Жұматов атындағы ГжЭҒО-ның еңбек сіңірген ғалымдарымен кездесу өткізілді.
ҚР ДСМ ҚДСҰО «Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалын дамыту
1. Халық денсаулығын қорғау мақсатында қоршаған орта сапасын басқаруда негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ең маңызды ғылыми-тәжірибелік құралдардың бірі – қауіп-қатерді бағалау әдістемесін енгізу.
2. Қоршаған ортаның халық денсаулығына әсер ету тәуекелдерінің картасын және «Экология мен тіршілік ету ортасы факторларының халық денсаулығына әсер ету себеп-салдарлық байланыстары және экологиялық, инфекциялық паразитарлық аурулардың алдын алу» тақырыбындағы аналитикалық материалды әзірлеу.
3. Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде инновациялық қызметті, ғылымды және кадрлық әлеуетті дамыту үшін ғылыми-әдістемелік кеңес құру.
4. Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық қызметті дамыту мүддесінде ғылыми зерттеулердің орындылығын негіздеу, ғылыми бағдарламаларды үйлестіру.
5. «Гигиена» бағытын дамыту.
6. Ғылыми қауымдастықтың, әлеуетті серіктестер мен демеушілердің назарын аудару үшін маркетингтік стратегия әзірлеу. Институттың жетістіктерін ғылыми жарияланымдар, конференциялар, баспасөз хабарламалары, веб-сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы белсенді насихаттау.
7. Шетелдік (жақын және алыс) ұқсас орталықтармен ғылыми-техникалық серіктестікті дамыту.
8. Жас ғалымдарға, зертханалық және санитарлық-эпидемиологиялық стартаптарға (соның ішінде халықаралық ұйымдарды тарта отырып) гранттық қолдау көрсету үшін Орталық ашу мүмкіндігі.
