Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты 1925 жылы құрылған (бастапқы атауы — Өлкелік санитарлық-эпидемиологиялық институт).

Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы 1998 жылы екі ғылыми-зерттеу институтын біріктіру нәтижесінде құрылған:

  • Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты (ЭМЖҒЗИ)
  • Гигиена және кәсіби патология ғылыми-зерттеу институты (ГКПҒЗИ)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы №24 «ҚР ДСМ-нің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес мына мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіру жолымен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы құрылды:

  • «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК
  • «Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК
  • «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

2018 жылы – «Х. Жұматов атындағы ГжЭҒО» ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК филиалы ретінде оның құрамына енгізілді.


«Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының директоры

Сыдыманов Ерғали Жақсыбекұлы, медицина ғылымдарының кандидаты