Иммунология және вакцинология зертханасы

«Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының иммунология және вакцинология зертханасының негізгі жұмыс бағыты — жұқпалы ауруларды диагностикалауға арналған иммунореагенттерді әзірлеу.

2023 жылы «Ғылым қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен «Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының базасында Қазақстанның денсаулық сақтау мекемелерін сапалы және қолжетімді диагностикалық препараттармен қамтамасыз ету үшін диагностикалық препараттар өндірісі құрылды.

Халықаралық сәйкестік сертификаты МЕСТ (ГОСТ) 13485-2017 (ISO 13485:2016) алынды.

Қазақстан Республикасы аумағында салмонеллездерді диагностикалауға арналған реагенттер жиынтықтары бұрын өндірілмеген, шетелден сатып алынған. Бұл ретте қосымша шығындар делдалдарға және тасымалдау қызметтеріне төлем жасауға жұмсалды.

Препараттар ҚР ДСМ «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» базасында сараптамадан өтті. Оларға тіркеу куәліктері алынды және сальмонеллездің негізгі серотоптарының О-антигендік А, В, С1, С2, D, Е және іш сүзегінің Ви эритроцитарлық диагностикумдарының өндірісі жолға қойылды. Реагенттер жинағы ЕГАР әдісімен зерттеліп жатқан адамдардың қан сарысуындағы сальмонеллез микробына қарсы О-антиденелерін, яғни ағымдағы жұқпаны және бактерия тасымалдаушылығын анықтауға арналған.

«Бруцеллезді зертханалық диагностикалауда антигенді байланыстыратын жасушаларды анықтау әдісі» және «Декреттелген контингентте салмонеллездік тасымалдаушылықты серологиялық диагностикалау» атты әдістемелік ұсынымдар бекітілді.

«Инфекциялық және инфекциялық емес патологияны дифференциалды диагностикалау әдістері (бруцеллез бен ревматоидты артрит мысалында)» атты мақала «Қоршаған орта және халық денсаулығы» журналында жарияланды (№1, 2025 жыл).

Профилактикалық медицина, гигиена және эпидемиология зертханасы (2023 – 2025 жж)

Бекітілген әдістемелік ұсынымдар:
«Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау әдістемесіне негізделген ауыз судың сапасын химиялық қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша интегралды бағалау»;
«Орта білім беру объектілерін бақылауды ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық талаптары»;
«Білім беру және тәрбиелеу объектілеріндегі ішкі және сыртқы ауа ластануы туралы деректерді жинау, құрылымдау және талдау әдістемесі».

«Қазақмыс» объектілері орналасқан өңірде халық денсаулығының жағдайын зерттеу және халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау жүргізілді (2024 ж.).

Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау мәселелері бойынша 15 өңірлік СЭБД-ке ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті жетілдіру аясында мектеп жасындағы балалардың денсаулығына әсер ететін экологиялық факторлар есебі жүргізілді (Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары).

Аумақтық департаменттермен(АД) бірлесіп халық денсаулығының жағдайы мен атмосфералық ауаның сапасы арасындағы байланысты анықтау бойынша талдау жүргізіліп, 2024 жылы Қазақстанның 15 қаласы қамтылды.

«Білім беру және тәрбиелеу объектілеріндегі ішкі және сыртқы ауа ластануы туралы деректерді жинау, құрылымдау және талдау әдістемесі» тақырыбы бойынша АД мамандарының біліктілігін арттыру.
ҚР ДСМ СЭБК АД-ң 31 маманы оқытылды.

Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау және атмосфералық ауаның ластануы мен халық денсаулығы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету шеңберінде ҚР ДСМ СЭБК АД мамандарының қатысуымен 2 семинар өткізілді.

Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын 2026–2028 жж. қайта жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспары

Иммунология және вакцинология зертханасы

Диагностикалық препараттар өндірісін кеңейту:
«Шигеллезге қарсы эритроцитарлық антигендік диагностикум (Зонне, сұйық түрі)»;
«Дизентерияға қарсы эритроцитарлық антигендік диагностикум (Флекснер I–V, сұйық түрі)»;
«Дизентерияға қарсы эритроцитарлық антигендік диагностикум (Флекснер VI – Ньюкасл, сұйық түрі)».
Жаңа диагностикумдар әзірлеу: Иерсиниозға қарсы латекстік диагностикумдар (О3, О5, О9) – иерсиниоз антигенін байланыстыратын жасушаларды анықтау үшін; Бруцеллез бен иерсиниозды ажыратуға арналған дифференциалдық диагностика құралдары (ҚР ДСМ ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында).
СТ ҚР ISO 13485 «Медициналық бұйымдар өндірушілерінің сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптар» және ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйесі» бойынша аккредитация.
Халыққа ақылы қызметтер көрсету және диагностикалық препараттар өндіру.

Профилактикалық медицина, гигиена және эпидемиология зертханасы

Зерттеулер:
«Атмосфералық ауаның сапасы мен халық денсаулығы жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау»;
«Атмосфералық ауаның және ауыз судың ластануынан халық денсаулығына төнетін тәуекелді бағалау»;
«Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өңірлеріндегі халық денсаулығының жағдайын талдау».
Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу мен басып шығару
Халық денсаулығына төнетін тәуекелді бағалау, атмосфералық ауаның ластануы мен халық денсаулығы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мәселелері бойынша өңірлік СЭБК мамандарына ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультативтік көмек көрсету
Қоршаған орта факторларының әсерінен халық денсаулығына төнетін тәуекелді бағалау жөніндегі аумақтық СЭБК департаменттерінің қызметіне талдау жүргізу
I және II қауіптілік сыныбындағы санитарлық-қорғау аймақтарының (СҚА) мөлшерін негіздеу жобалары үшін атмосфералық ауаның химиялық ластануынан халықтың өмірі мен денсаулығына төнетін тәуекелді бағалау
Медициналық қызметкерлер мен АД мамандарын оқыту.