by zhumatov
Share
Share
Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының ұжымы елімізде алғаш рет атап өтіліп отырған кәсіби мереке – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күнімен барша сала қызметкерлерін шын жүректен құттықтайды.
Біздің ортақ еңбегіміз – халық денсаулығын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету жолында ғылым мен практиканың күш-жігерін біріктіру болып табылады. Тек бірлескен жұмыстың арқасында біз маңызды нәтижелерге қол жеткізіп, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін нығайта аламыз деп сенеміз.
Жоғары кәсіби шеберлік, тәртіп пен жанқиярлық – санитариялық дәрігерлер мен эпидемиологтардың әрқашан басты ерекшелігі. Алда бізді жаңа тәсілдерді талап ететін ауқымды әрі жауапты міндеттер күтіп тұр. Бар күш-жігерімізді біріктіре отырып, кез келген қиындықты еңсеріп, бұл міндеттерді табысты шешетінімізге сенімдіміз.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке және кәсіби қызметтеріңізде жаңа жетістіктер тілейміз. Біздің ортақ үлесіміз әрқашан лайықты бағалансын!

