by zhumatov

Share

Share

Ағымдағы жылдың 15-19 қыркүйек аралығында Астана қаласында ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырған инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау саласындағы ҚР госпитальдық эпидемиологтарға арналған апталық негізгі курс өткізілді. Техникалық қолдау Колумбия университетінде орналасқан ICAP халықаралық ұйымы және СДС ұйымының көмегімен көрсетілді. Тренингке 24 медициналық ұйымнан 13 тыңдаушы қатысты.

«Х. Жұматов атындагы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының мамандары госпитальдық эпидемиологияның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылауды ұйымдастырудағы микробиологиялық компонент мәселелері бойынша тыңдаушыларды оқытуға қатысты. Микробиология және инфекцияның берілу механизмдері бойынша негізгі түсініктер, микроорганизмдердің түрлері және оларды зертханалық сәйкестендіру әдістері ұсынылды.

Оқыту барысында микробиология саласы бойынша белсенді қызығушылық пен пікірталас қалыптастырылып, іргелі білім мен түсінік жақсартылды.