by zhumatov
Share
Share
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінен 3 қазаны аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Қордай аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚМКК медицина қызметкерлері үшін инфекциялық бақылауды ұйымдастыру, инфекциялардың алдын алу және микробтарға қарсы төзімділік мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Тренингке 200-ге жуық медицина қызметкері қатысты, олардың қатарында клиницист-дәрігерлер, эпидемиологтар, бактериологтар және орта буын медицина қызметкерлері болды.
«Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының мамандары тыңдаушыларға арналған оқыту барысында инфекциялар микробиологиясы, қоздырғыштардың көздері мен таралу жолдары, сондай-ақ зертханалық талдаудың аналитикалық кезеңінің маңызы жөніндегі мәселелер бойынша дәріс өткізді. Үлгілерді дұрыс алу, сақтау және тасымалдау мәселелері, сондай-ақ аналитикалық кезеңдегі қауіп-қатерлер талқыланды.
Дәрістер үлгілерді алу алгоритмдерін білу деңгейін анықтау мақсатында аурухана бөлімшелерінде өткізілген тәжірибелік сауалнамамен ұштастырылды.

