by zhumatov

Share

Share

2025 жылғы 24-28 қараша аралығында Тараз қаласындағы «Қалалық көп бейінді аурухана және клиникалық-диагностикалық орталық» ШЖҚ МКК базасында ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК «Х.Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалымен Жамбыл облысы бойынша клиникалық бактериологиялық зертханалардың 46 маманы оқытылды.
Мамандардың біліктілігін арттырудың көшпелі циклі «Микробқа қарсы төзімділік» тақырыбы бойынша өткізілді. Қатысушылар аурухананың бактериологиялық зертханасында шағын топтарға бөлініп, күнделікті тәжірибелік сабақтар мен дәрістерді өтті. Тәжірибелік сабақтарға реагенттер мен шығын материалдарының сапасын бақылау, күнделікті бақылау штаммдарын қолдану, антибиотиктерге сезімталдықты анықтау, нәтижелерді түсіндіру, фенотиптік әдіспен төзімділік гендерін анықтау мәселелері кірді.
Дәрістер талдау жүргізу кезіндегі тәжірибелік мәселелер мен қателіктерді талқылаумен интерактивті форматта өткізілді.