by zhumatov
Share
Share
Қазақстан Республикасында 2026 жылдың басында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі байқалуда, әсіресе екпе алмаған балалар арасында, бұл инфекцияның жергілікті ошақтарының пайда болу қаупін арттырады.
Қызылша — ауа-тамшылы жолмен берілетін, жұқпалылығы жоғары жедел вирустық инфекциялық ауру. Қызылша қарапайым суық тиюге ұқсас белгілермен басталады — дене қызуының көтерілуі, тұмау, жөтел, жалпы әлсіздік. Қызылшаның ерекше белгісі — теріде бөртпенің кезең-кезеңімен пайда болуы. Қызылша әсіресе балалар мен екпе алмаған адамдар үшін қауіпті, себебі оларда ауру жиі ауыр түрде өтеді. Қызылша — ең жұқпалы инфекциялар қатарынан, сондықтан медициналық көмекке кешігу асқынулар мен айналадағы адамдарға инфекцияның таралуына әкелуі мүмкін.
Қызылшадан сақтанудың жалғыз сенімді әдісі — вакцинация. Жоспарлы иммундау тұрақты иммунитет қалыптастырып, инфекцияның халық арасында таралуының алдын алады.
