by zhumatov
Share
Share
ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалы мен «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ арасында ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалған.
Аталған меморандум шеңберінде мамандар даярлау және ғылыми әлеуетті арттыру мақсатында жүйелі түрде бірлескен жұмыстар жүргізілуде.
2026 жылдың 26 қаңтар мен 14 ақпан аралығында 8D10101 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Тиленова Лаура Сарсенбаевна «Мектептегі білім беру жүйесінде денсаулық сақтау ортасын жетілдіру тәсілдерін ғылыми негіздеу» тақырыбы бойынша зерттеу іс-тәжірибесінен өтті. Зерттеу іс-тәжірибесі «Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Сыдыманов Е.Ж. жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Іс-тәжірибе барысында докторант ғылыми орталықтың құрылымымен, негізгі қызмет бағыттарымен, зертханалық және материалдық-техникалық базасымен танысты. Сонымен қатар зертханалық жабдықтармен жұмыс жүргізу, ғылыми-әдістемелік құжаттамаларды талдау, әдістемелік нұсқаулықтармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді. Барлық іс-шаралар бекітілген жеке тәжірибе жоспарына сәйкес орындалды.
Сонымен қатар, «Медицина» білім беру бағдарламасының 2–3 курс студенттері үшін «Эпидемиология», «Дәлелді медицина», «Ғылыми жоба: Клиникалық зерттеулер» және «Ғылыми жоба: Популяциялық зерттеулер» пәндері бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, өткізіліп отыр.
Аталған ынтымақтастық ғылым мен білімнің тиімді ықпалдасуына, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға септігін тигізеді.
