by zhumatov
Share
Share
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» (ҚДСҰО) ШЖҚ РМК мен орталықтың «Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» (ГжЭҒО) филиалы бірлесіп ұйымдастырған республикалық оқыту семинары, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (СЭБК) тікелей қолдауымен өткізілді.
Семинар 2026 ж. 11 наурыздан 19 наурызға дейін «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» (СЭСжМҒПО) филиалының ғимаратында өтті. Семинарды ҚДСҰО Басқарма төрағасының орынбасары Смағұл Манар Асырқызы құттықтау сөзімен ашып берді. ҚР ДСМ СЭБК коммуналдық объектілерді бақылау басқармасының басшысы, коммуналдық мекемелер жөніндегі бас санитар дәрігері Такамбаева Елена Шаймұратқызы семинар модераторы және белсенді қатысушысы ретінде бой көрсетті. ГжЭҒО филиалы атынан филиал директоры Сыдыманов Ерғали Жақсыбекұлы іс-шараға белсенді қатысты. Баяндамашы ретінде медицина ғылымдарының кандидаты, ГжЭҒО Профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының аға ғылыми қызметкері Досмұхаметов Асхат Тұрсынханұлы елеулі үлес қосты.
Оқыту семинарына барлығы 20 Өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдері мен көліктегі СЭБ мамандары қатысты. Семинарда халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерді бағалауға қатысты ағымдағы мәселелер қаралып, талқыланды. Мамандарға атмосфералық ауа мен ауыз су ластануынан халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерді есептеу үлгісін практикалық мысалдар қолдану арқылы оқыту жүргізілді. Есептеулерді жеңілдету мақсатында арнайы әзірленген «Risk Calculator» бағдарламасын қолдану тәсілі көрсетілді. Нәтижесінде семинар қатысушылары халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерді бағалаудың негізгі қағидаларын меңгерді. Қатысушылар осы әдістемені іске асыру кезінде туындайтын практикалық қиындықтарға қатысты мәселелерді көтерді. Спикер Досмұхаметов А.Т., осы қиындықтарды қалай еңсеруге болатыны туралы егжей-тегжейлі жауаптар берді. Сонымен қатар СЭБК коммуналдық объектілерді бақылау басқармасының басшысы Такамбаева Е.Ш., СЭБК қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жұмысында қауіп-қатерге негізделген модельді жедел енгізуге жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.
Қорытындылай келе, Өңірлік СЭБД мамандары үшін, қауіп-қатерді бағалау — қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жұмысын жетілдіруде міндетті және болашағы зор кезең екені, практикалық тәсілден ғылыми-практикалық тәсілге көшуге негізделгені және қазіргі қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі екені айқындалды.





