by zhumatov
Share
Share
Бүгін еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін айшықтайтын басты құндылықтардың бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұраны бекітіліп, ел тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде мәңгілікке жазылды. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, ұлттық болмысы мен тәуелсіздігін бейнелейтін қасиетті нышандар.
Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының ұжымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды! Елімізге бейбітшілік пен өркендеу тілейміз, ал Мемлекеттік рәміздеріміз келешек ұрпақ үшін мақтаныштың, бірліктің және отансүйгіштіктің қайнар көзі болып қала берсін!


