by zhumatov
Share
Share
2026 жылғы 1–5 маусым аралығында Ақтөбе қаласында ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК «Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты А.Т.Досмұхаметовтың қатысуымен халық денсаулығына қоршаған орта факторларының әсерін бағалау мәселелері бойынша жұмыс кездесулері өткізілді.
Іс-шара барысында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасын бағалау, халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді анықтау, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу және қоршаған орта факторлары мен аурушаңдық арасындағы байланысты зерттеу мәселелері қарастырылды. Кездесуге «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облыстық филиалының, «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК өкілдері қатысты. Отырыс барысында атмосфералық ауаның сапасына байланысты халық денсаулығына төнетін тәуекелдерді бағалау, мониторинг нәтижелерін талдау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және ақпарат алмасуды жетілдіру мәселелері талқыланды. Нәтижесінде халық денсаулығын қорғау және қоршаған орта факторларының әсерін кешенді бағалау бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.


