by zhumatov

Share

Share

2026 жылдың 12 маусымында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның республика өңірлері бойынша департаменттері, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» және «Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» (ГжЭҒО) филиалдарының қатысуымен «Қоршаған орта сапасы: бағалау, бақылау, мониторинг» тақырыбындағы республикалық онлайн семинары өткізілді. Іс-шараға аталған ұйымдардан жалпы саны 200-ге жуық өкілдер қатысты.

ГжЭҒО атынан м.ғ.к., Профилактикалық медина, гигиена және экология зертханасының меңгерушісі Досмухаметов А.Т., «2026 жылдың 1-тоқсанындағы жағдаймен ҚР бойынша атмосфералық ауа сапасының әсерінен халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерді бағалау» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, орталық атынан Сапарбек Қ.М., қатысып, «2026 жылдың 1-тоқсанына арналған атмосфералық ауа сапасының әсерінен халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерді бағалау бойынша СЭМ және «Қазгидромет» РМК деректерінің салыстырмалы талдауы» тақырыбымен баяндама жасады.

Семинар барысында атмосфералық ауа сапасының әсерінен халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерді бағалау бойынша негізгі мәселелер талданып, ұсынымдар берілді. Алдағы уақытта талқылануы тиіс өзге де, оның ішінде, қауіп-қатерді бағалау бойынша салааралық ынтымақтастық мәселелері туралы сөз қозғалды.

Өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, тәуелдерді бағалау, талдау және мониторинг бөлімдері мен ГжЭҒО-ның бірлесіп жүзеге асыратын жұмысы еліміздің денсаулық сақтау саласына айрықша үлес қосып келеді. Осы бағытта еңбек етіп жүрген сала өкілдерінің жұмысына алдағы уақытта сәттілік тілейміз!

Құрметпен,

Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы!