by zhumatov

Share

Share

Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы ағымдағы жылдың 16–17 маусым күндері Шымкент қаласында өткен зертханалардың бюджетін қалыптастыру және шығындарын бағалау мәселелеріне арналған Орталық Азиядағы GLLP бағдарламасы фасилитаторларына арналған семинарға қатысты.
Аталған семинар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық өңірлік бюросының қолдауымен ұйымдастырылып, оған бағдарламаны іске асыруға жауапты ЕуроДДСҰ өкілдері – Вирджиния Долмазон, Узма Башир, Джоанна Сальви Ле Гарек және Александр Джагупаров қатысты.
Семинарға Орталық Азия елдерінің GLLP бағдарламасының фасилитаторлары мен үйлестірушілері, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан елдеріндегі ДДСҰ елдік кеңселерінің өкілдері қатысты.

Аталған семинардың негізгі мақсаты Орталық Азия елдерінің ұлттық фасилитаторларының зертханалар бюджетін қалыптастыру, зертханалық шығындарға талдау жүргізу, сондай-ақ мониторинг және бағалау құралдарын қолдану арқылы экономикалық тиімділікті бағалау мәселелері бойынша кәсіби құзыреттерін арттыру болды.
Семинар барысында тәжірибелік тапсырмалар орындау, топтық жұмыстар жүргізу және өзара пікір алмасу сессиялары ұйымдастырылды.
Қатысушылардың барлығы іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оның тәжірибелік маңыздылығының жоғары екенін атап өтті.