by zhumatov

Share

Share

Құрметті әріптестер! Ең алдымен кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, қажымас қайрат және зор денсаулық тілейміз!

Мерекелік көңіл күймен 2026 жылдың 19 маусымында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өңірлік департаменттерінің Тәуекелдерді бағалау, талдау және мониторинг бөлімінің мамандары, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» (ГжЭҒО) филиалының қатысуымен «Ауыз су сапасына байланысты халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді бағалаудың практикалық аспектілері: негізгі мәселелерді талқылау, есеп жүргізу және қауіп-қатер есептегішін қолдану» (бұдан әрі – «Қауіп-қатерді бағалау») тақырыбындағы онлайн семинары өткізілді.

ГжЭҒО атынан м.ғ.к., Профилактикалық медина, гигиена және экология зертханасының меңгерушісі Досмухаметов А.Т., Қауіп-қатерді бағалау бойынша қолданылатын негізгі нормативтік-құқықтық актілер, филиал тарапынан әзірленген арнайы әдістемелік нұсқаулық және қауіп-қатерді есептеуге арналған арнайы құралмен жұмыс жасау, сондай-ақ, нәтижелерді ұсынуға арналған есеп үлгісі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Семинар соңында тақырып бойынша талқылау жүргізілді және семинар материалдары мамандарға жолданды.