by zhumatov

Share

Share

2026 жылға арналған 070 «Қоғамдық денсаулықты қорғау» бюджеттік бағдарламасының 100 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде «Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының меңгерушісі Досмухаметов А.Т. және «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг басқармасының бас маманы Кульбаева Г.И. 2026 жылғы 24-28 тамыз аралығында Алматы облысының Қонаев қаласына іссапармен барды.

Іссапардың мақсаты – Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жұқпалы емес аурулардың (ЖеА) алдын алуға бағытталған жобалардың іске асырылуын үйлестіру және бағалау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Іс-шара барысында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аудандық басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді. Сонымен қатар атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасын бағалау, халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді анықтау, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу, сондай-ақ қоршаған орта факторлары мен сырқаттанушылық көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты зерделеу мәселелері қаралды.

Іссапар барысында Жамбыл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына (Қарасай ауданымен бірлесіп), Талғар ауданының (Еңбекшіқазақ, Іле аудандары және Алатау қаласы), Қонаев қаласының және Балқаш ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жұмыс сапарлары жүзеге асырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша халықтың денсаулығын қорғауға және қоршаған орта факторларының әсерін кешенді бағалауға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.