by zhumatov

Share

Share

Ағымдағы жылдың 3–4 қыркүйегінде FHI 360 халықаралық ұйымының қолдауымен ҚР зертханалық қызметін дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеу бойынша ҚДСҰО алғашқы жұмыс кеңесін өткізді. Аталған кеңеске «Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалы да қатысты.

Жұмыс тобының құрамын аса қауіпті, вирустық және бактериялық инфекцияларды зертханалық диагностикалау, эпидемиология саласындағы сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері құрады.

Кеңес барысында зертханалық қызметті дамытудың басым бағыттары, оларды іске асырудағы мәселелер және аталған мәселелерді шешу жолдары айқындалды.

Бұл отырыс алғашқы жұмыс кездесуі бола отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасын табады.