by zhumatov
Share
Share
2026 жылға арналған 070 «Қоғамдық денсаулықты қорғау» бюджеттік бағдарламасының 100 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде «Хамза Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының меңгерушісі Досмухаметов А.Т. және «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг басқармасының бас маманы Кульбаева Г.И. 2026 жылғы 7—11 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына іссапармен барды.
Іссапардың мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жұқпалы емес аурулардың (ЖеА) алдын алуға бағытталған жобалардың іске асырылуын үйлестіру және бағалау мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Іс-шара барысында Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аудандық басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді. Сонымен қатар атмосфералық ауа мен ауыз судың сапасын бағалау, халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді анықтау, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу, сондай-ақ қоршаған орта факторлары мен сырқаттанушылық көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты зерделеу мәселелері қаралды.
Іссапар барысында Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына, Қызылжар аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жұмыс сапарлары жүзеге асырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша халықтың денсаулығын қорғауға және қоршаған орта факторларының әсерін кешенді бағалауға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.




