by zhumatov

Share

Share

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасы Құлқаева Гүлнара Өтепбергенқызы Х. Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында филиалдың ағымдағы қызметі, зертханалық базасы және одан әрі даму келешегі таныстырылды.

Орталық бойынша экскурсияны филиал директоры Ерғали Жақсыбекұлы Сыдыманов жүргізді. Сапар барысында Төраға ұжыммен кездесіп, зертханалардың негізгі қызмет бағыттарымен, ғылыми-зерттеу үдерістерін ұйымдастырумен және орталық бөлімшелерінің тәжірибелік қызметімен танысты.

Кездесу барысында қатысушылар 2027-2029 жылдарға арналған Орталықтың даму жоспарының жобасына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, қажетті бюджеттік түзетулерді ескере отырып, ғылыми орталықты дамыту тұжырымдамасын өзектендіру ұсынылды. Сапар қорытындысы бойынша филиалдың ғылыми әлеуетін жүйелі түрде нығайтуға, зертханалық мүмкіндіктерін дамытуға және қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған алдағы қадамдар айқындалды.