by zhumatov

Share

Share

2026 жылғы 23 қазанда Ақтөбе қаласында Өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері, СЭБ басқармалары және Ұлттық сараптама орталығының филиалдары мамандарының қатысуымен біліктілікті арттыру бойынша өңірлік циклдің бірінші кезеңі аяқталды. Цикл балалардың денсаулығы мен әл-ауқатына экологиялық факторлардың жағымсыз әсерін төмендетуге бағытталған 2023–2026 жылдарға арналған «Салауатты балалар үшін салауатты қоршаған орта» бағдарламасы аясында, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шара 2026 жылғы 19–23 қазан аралығында өтті. Бірінші кезеңге Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан барлығы 55 маман қатысты.

Циклды өткізуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Х. Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» филиалының (бұдан әрі – Филиал) мамандары өз үлесін қосты. Осы оқыту циклының негізгі спикері ретінде Филиалдың Профилактикалық медицина, гигиена және экология зертханасының меңгерушісі Досмухаметов А.Т., қосқан үлесі айрықша мәнге ие.

Оқыту циклының келесі кезеңдері Семей, Түркістан және Алматы қалаларында жалғасады.